Алматы прокуратурасы заңнаманы түсіндіру арқылы ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан Республикасының екі азаматын өз еркімен қайтарған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz
Қашқындар 5 жылдан астам уақыт бойы тергеу органдарынан Түркия Республикасының аумағында жасырынған.
Бүгін қала әуежайында оларға қатысты процестік ұстау жүргізілді.
Екі фигурант уақытша ұстау изоляторына қамалды.