ШҚО тұрғыны бірнеше талдықорғандықты жұмысқа орналастырамын деп сан соқтырған

ШҚО тұрғыны бірнеше талдықорғандықты жұмысқа орналастырамын деп сан соқтырған, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

29 жастағы ШҚО тұрғыны талдықорғандықтарды сан соқтырған. Ер адам қала мектептерінің біріне дене шынықтыру және тарих пәнінің мұғалімі ретінде жұмысқа орналасу мүмкіндігін айтып, көрсетілген қызмет үшін ол жұмысқа орналасқысы келетіндерден 150 мың теңгеден 500 мың теңгеге дейінгі ақшалай соманы алды.

Осылайша, екі айдың ішінде Талдықорған қаласының сегіз тұрғыны жалпы сомасы үш млн теңгеге алданып қалды.

Сот оны ҚР ҚК-нің 190-бабында көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп тауып, оған үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

– Жазасын өтеу үшін сотталған адам Семей қаласының қауіпсіздігі орташа колониясына келді, мекемеге келгеннен кейін онымен тәрбие жұмысы жүргізілді, карантиндік бөлімшеден шығу бойынша ол сабын өндіру цехына жұмысқа орналасты. Оның жалақысының бір бөлігі талап – арыздарды өтеуге кетеді, – дейді режим бөлімінің бастығы Кунафин Мейіржан.