Прокурорлық тексеру барысында Риддер қаласының прокуратурасы «Риддер қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК-де есірткі, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу ережелерін бұзу фактісін анықтады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
«Трамадол» – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20.03.2023 жылғы №240 қаулысымен Қазақстан Республикасында бақылауға жататын психотроптық заттардың тізіміне енгізілді, оларды өткізу және беру онкологиясы бар науқасқа дәрігердің рецепті бойынша ғана жүзеге асырылады.
Аталған талаптарды бұзып, қалалық аурухананың онколог-дәрігері есірткі препаратын онкология ауруынан қайтыс болған адамға тағайындап, рецепт бойынша дәрі алуға рұсат қағазын психоактивті заттарды қолданатын басқа адамға берген.
Риддер қаласының прокуроры есірткі заттарымен, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзғаны үшін ҚР ҚК 303-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады.
Тергеу әрекеттері жүргізілуде.