ШҚО-да есірткі заттарын егіп-өсірген үш тұрғын бас бостандығынан айырылды

ШҚО-ның үш тұрғыны есірткі өсімдігін заңсыз өсіргені үшін 3,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Осы жылдың тамыз айында көліктегі полициясы департаментінің қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысында есірткі заттарын егіп, өсірумен айналысқан 3 адамнан тұратын топты ұстады. Олардың бірі – теміржолшы болып жұмыс істеген.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде заңсыз айналымнан 42 келі марихуана тәркіленді.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді.

Өскемен қаласының № 2 сотының үкімімен күдіктілер 3,5 жылға дейін бас бостандығынан айырудың түрлі мерзімдеріне сотталды.