ШҚО бойынша ҚАЖД-да өткен жылы тыйым салынған заттарды тасымалдаудың 47 фактісі тоқтатылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ш ҚО бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Нұрбек Қабдікәрімов төрағалығымен қорытынды жедел-қызметтік кеңес өтті .
Кеңеске департаменттің жеке құрамы , ведомстволық бағынысты мекемелердің және пробация қызм еттерін басқару бө л імінің басты ғы қатысты .
Нұрбек Қабдікә р імов нәтижелі жұмысты атап өтті , алайда пенитенциарлық жүйеде оң динамикаға қол жеткізу үшін жұмысты үйлестіру және күшейту қажет бірнеше бағыт бар. Сонымен қатар Ш ҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері тыйым салынған заттарды өткізудің 47 фактісінің жолын кесті. О ның ішінде 69 телефон және 16 литрге жуық спиртті ішімдік тәркіленді.
ҚАЖ департаментінің бастығы Ішкі істер министрлігі 2025 жылды « алдын алу жылы : заң және тәрті п сақшысындағы полиция» деп атағанын жеке құрамға жеткізді . Алдын алу шараларын күшейту және азаматтардың құқықтық санасын арттыру бойынша нақты міндеттер қойылғанын атап өтті .
Жедел кеңес барысында 2024 жылдың 12 айындағы қызметтің қорытындылары шығарылды , алдағы кезеңге арналған басым бағыттар белгіленді , кемшіліктер мен олқылықтар талданды .
Қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін , тыйым салынған заттардың мекемелерге енуін және пробация қызметтерінің есебінде тұ р ған сотталғандар тарапынан қайталанған қылмыстарды болдырмау жөніндегі шаралар егжей-тегжейлі талқыланды . Ш ҚО бойынша ҚАЖД бастығы Нұрбек Қабдікәрімова қызметкерлердің заңдылықты сақтауына және бос лауазымдарды барынша азайтуға ерекше назар аударды .