Шымкентте 40 жастағы ер азамат өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан, мас күйде көлік тізгіндеген, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Мас жүргізуші тізгіндеген Opel Vectra көлігі “Қорғау” көмегімен анықталды. Бағдарлама арқылы автокөлік туралы ақпаратты алған ЖБО инспекторлары құқық бұзушыны ұстауға патрульдік полицейлерді бағыттады.
Тексеру нәтижесінде жүргізуші алкогольдік масаң күйде екені белгілі болды.
Қазір ер адам қамауда. Оған қатысты тергеу басталды.
– Мас жүргізуші – жол қозғалысының барлық қатысушысына қауіп төндіретін қылмыскер. Жол – қателікті кешірмейді. Сақ болыңыздар, – деді полиция қызметкерлері.