Шымкентте “Қорғау” бағдарламасы арқылы 15 млн теңге қарызы бар жүргізуші анықталды

Шымкентте “Қорғау” бағдарламасы арқылы 15 млн теңге қарызы бар жүргізуші анықталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Патрульдік полицейлер “Қауіпсіз жол” ЖПІШ аясында рейдтер жүргізу барысында төленбеген қарыздары бар жүргізушіні анықтады. Ақпаратты инспекторлардың қызметтік планшетінде орнатылған “Қорғау” бағдарламасы берді.

Toyota көлігі иесінің 15 миллион теңге көлемінде берешегі болған.  Көлік Бәйдібек би даңғылында тоқтатылды. Тізгіндеуші азаматқа төлем туралы ескертілді.

Көлік айыппұл тұрағына қойылды, оны иесі қарыздарын өтегеннен кейін қайтарып ала алады.