Шымкентте патрульдік полиция ауыр жүк көлігінің мас күйде басқарған азаматты анықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жүргізуші көлікті қисалаңдап тізгіндеуі полицияға ұстап берді. Көлікті тәртіп сақшылары Бердіқожа көшесінде тоқтатты.
Рөлде болған ер адам масаң күйін жоққа шығаруға тырысты, алайда медициналық куәландыру нәтижесі керісіншесін дәлелдеді.
ҚР ӘҚБтК бойынша құқық бұзушы 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.
Полиция көлікті мас күйде басқару – қайғылы салдарға әкеп соғуы мүмкін өте қауіпті заң бұзушылық екенін ескертеді, сондай-ақ жолдағы апаттарды болдырмау үшін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салады.