Шымкентте есірткі қылмысына қатысты іздеуде жүрген шетелдік күдікті ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Көрші елдің 50 жастағы азаматына өткен жылдың желтоқсан айында халықаралық іздеу жарияланған. Ол есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеуден бой тасалап жүрген.
Ер адамды Шымкент аумағында полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұстады.
Қазіргі таңда оны Өзбекстан Республикасына экстрадициялау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.