Шетелдіктер Ақтөбе облысында заңсыз жұмыс жасаған

Шетелдіктер Ақтөбе облысында заңсыз жұмыс жасаған, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері Темір ауданындағы мұнай-газ кен орындарының бірінде рейдтік іс-шаралар өткізу барысында еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған шетелдіктерді анықтады.

Орнату жұмыстарымен айналысқан Қытай Халық Республикасының бес азаматының жұмыс жасауға рұқсаты болмады.

Сот шешімімен шетелдіктер елден шығарылды.
Сондай-ақ шетелдіктер заңсыз жұмыс істеген компанияға 700 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.