Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов Талғарда жасөспірімді өлтірді деген күдіктілердің ұсталуына қатысты мәлімет берді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.
«Қылмыстық тергеудің объективтілігіне келсек, бірден іс қозғалды. Оқиға орнында 7 күдікті ұсталып, уақытша қамауға алынды. 13 қазанда тағы үш адамды қамадық. Төбелестен кейін қайғылы жағдай болған жерге жақын жерде тұратын екі адам келді. Қазір оларға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деді Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов.
Бұған дейін Ішкі істер министрлігінің өкілдері Талғардағы 16 жастағы Шерзат Болат қаза тапқан жерде камераға түсіп қалған видеоны көрсетті.
Ал Алматы облысының прокуроры Берік Адамов қылмыстық іс бойынша жүргізіліп жатқан тергеу сатысында ешқандай заңбұзушылық анықталмағанын айтты.
Сондай-ақ, өртенген Шерзаттың ата-анасы тұрған үйдің сыртынан резеңке қолғап пен канистр табылғаны туралы айтылды.