Түркістан облысының тұрғынынан 3,5 келіден астам марихуана тәркіленді

Түркістан облысының тұрғынынан 3,5 келіден астам марихуана тәркіленді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан облысының полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, өз үйінде есірткі заттарын заңсыз сақтаған деген күдікпен ер адамды анықтады.

Нақтырақ айтсақ, Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жергілікті тұрғынның үйін тінту барысында, марихуанаға ұқсас есірткі заты бар ыдыстарды тапты. Сараптама қорытындысына сәйкес алынған есірткінің жалпы салмағы 3,5 келіден асты.

Қазіргі уақытта есірткіні заңсыз сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, істің мән-жайы анықталуда. Күдікті камауға алынды.