Түркістан облысында полиция заңсыз ақша аударумен айналысқан күдіктіні ұстады

Түркістан облысында полиция заңсыз ақша аударумен айналысқан күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәселен, Түркістан облысы тұрғындарының бірі полицияға шағымданып, хабарландыру бойынша трактор сатып алуға шешім қабылдап, алаяқтарға сенім артып, олардың шотына 1 миллион теңгеге жуық ақшасын аударғанын жеткізді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Жетісу облысының тұрғыны анықталды, ол дропер болып шықты. Күдікті жәбірленушілердің ақшасын алаяқтардың көрсетілген шоттарына аударып, сол үшін сыйақы алған.

Қазіргі уақытта жас жігіт қамауға алынып, оның басқа да осындай қылмысқа қатысы бар екені анықталды. Сондай-ақ алаяқтыққа қатысы бар басқа да адамдарды анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Полиция азаматтарға алаяқтықтың құрбаны болмас үшін қырағы болуды ескертеді.