Түркістан облысында полицейлер есірткі сатушыдан “синтетика” тәркіледі

Түркістан облысында полицейлер есірткі сатушыдан “синтетика” тәркіледі, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан облысы ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, есірткінің заңсыз айналымы мен “синтетика” жасырушының жолын кесті.

Осылайша полицейлер Шымкент қаласының тұрғынын Жетісай ауданынан ұстап, одан шамамен 80 доза синтетикалық есірткі тәркіледі.

Сондай-ақ жедел уәкілдер күдіктінің 5 есірткі қойған жерін анықтап, “синтетика” салынған 5 ораманы анықтады. Ондағы мефедрон препаратының жалпы салмағы 80 грамнан асады

Қазіргі уақытта бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынып, барлық мән-жайлар анықталып жатыр.