Түркістан облысында полиция бұрын бірнеше рет сотталған деструктивті діни ағым жақтаушысын ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Түркістан облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында деструктивті-діни ағымның жақтаушысы, Жетісай ауданының тұрғынын анықтап, ұстады.
Бұл туралы Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары Қ.Сахов мәлімдеді.
– Бұрын бірнеше рет сотталған 58 жастағы ер адам мессенджерде чат құрып, онда радикалды уағызшылардың бейнематериалдарын жариялап, тыйым салынған деструктивті-діни ағым идеологиясын насихаттайтын хабарламалар орналастырған. Біздің жедел уәкілдер ІІО есебінде тұратын күдіктіні Жетісай қаласынан ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, – деді Қ.Сахов
Қазіргі уақытта күдіктінің тұрғылықты жері бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Оқиғаның толық мән-жайы анықталады.