Терроризмді насихаттаған күдікті адамдар құрықталды

6 наурызда ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен және полицияның көмегімен Шымкент қ. екі тұрғынын ұстады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олар әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттағаны үшін күдіктелуде.

Тергеу материалдары бойынша ертеректе ұсталғандардың біреуі алыс шет елдерге шығып, шамамен сол жерде радикалды діни идеологияны қабылдаған.

Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді.