Таразда полицейлер шетелдікті 5 млн теңгеге алдаған күдіктіні ұстады

Таразда полицейлер шетелдікті 5 млн теңгеге алдаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері шетел азаматына 12600 долларға пияз тұқымын жеткізуге уәде берген Тараз қаласының тұрғынын анықтады. Болған  оқиға туралы полицияға шет мемлекеттің азаматы хабарлады. Жәбірленушінің айтуынша, бір адам 420 келі пияз тұқымын жеткізу сылтауымен сенімге кіріп, алдау арқылы оның ақшасын иемденіп алып, келісім шартты орындамаған. О сы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ер адамға қатысты келу туралы міндеттеме түрінде процедуралық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Қазіргі уақытта іс егжей-тегжейлі анықталу үшін барлық қажетті тергеу шарасы жүргізіліп жатыр.

Жамбыл облысының полиция департаменті бейтаныс адамдармен ірі көлемдегі сатып алуда өте қырағы және сақ болуды ескертеді. Егер, сіз осындай қылмыстың құрбаны немесе куәгері болсаңыз “102” байланыс арнасы арқылы полицияға немесе ауданыңыздың полиция бөліміндегі кезекші бөлімге дер кезінде хабарласыңыз.