Талғардың шетінен Шерзат Полаттың ағасының мәйіті табылды

Талғардың шетінен Шерзат Полаттың ағасының мәйіті табылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

“Талғар маңында 30 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсап, асылып қалған”, — делінген хабарламада.

Марқұмның осы жылғы 4 қазанда бір топ кісі қолынан тапқан Шерзат Полаттың ағасы екені белгілі болды.

Қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полицейлер марқұмның отбасы осы кезге дейін полицияның қорғауында екенін атап өтті. Марқұмның отбасына ешқандай қауіп төнбеген.

“Осы уақытқа дейін отбасына қандай да бір қоқан-лоқы жасау дерегі тіркелмеді. Күзет қызметіндегі қызметкерлердің түсініктемесі бойынша ер адам күзетілетін нысаннан сағат 23:30-да шығып, жеке көлігімен кетіп қалған, — делінген хабарламада.