Полицейлер 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысы бар делінген тағы бір адамды ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматы облысы ПД мәліметінше, 17 қазанда Шерзатты өлтіру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеу аясында тағы бір күдікті К. ұсталды.
“Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шараларының кешенін жүргізу жалғасып жатыр”, – делінген хабарламада.
Осылайша, Талғарда Шерзат Болатты өлтіру ісі бойынша 11 адам ұсталды. Бұған дейін 10 күдікті туралы хабарланған болатын.