Талдықорғанда мас жүргізуші үш көлікпен соқтығысып, оқиға орнынан қашып кетті

Талдықорғанда мас жүргізуші жол-көлік апатының себепкері болып оқиға орнынан қашып кетті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Талдықорғанда мас күйінде болған жүргізушінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді. Jetour көлігін басқара отырып, ол үш көлікпен соқтығысып, кейін оқиға орнынан қашып кетпек болған.

Полиция қызметкерлері құқық бұзушылықты жасаған күдікті 35 жастағы ер адамды жедел түрде ұстады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Бұл жағдай барлық жүргізушілерге жол ережелерін сақтау және жол қауіпсіздігіне жауапты болу қаншалықты маңызды екенін еске салады. Көлікті мас күйде жүргізу – бұл заңды бұзу ғана емес, сонымен қатар басқа жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді.

Құрметті жүргізушілер, есіңізде болсын! Бұл құқық бұзушылық үшін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.