Қазынашылық департаментінің қызметкерлері мен табиғи парк бухгалтерлері сөз байласты деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
“Түркістан облысының прокуратурасы Қазынашылық департаментінің қызметінде заңдылықтың жүйелі бұзылатынын анықтады. Атап айтқанда, Департамент лауазымды адамдары “Сырдария – Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі” КММ (бұдан әрі – КММ) бухгалтерлерімен келісіп, КММ қызметкерлерінің штат санын негізсіз ұлғайту арқылы 8 миллион теңгеден астам қаражат бөлді”, – делінген облыстық прокуратураның хабарламасында.
Бұл дерек соталды тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне істің егжей-тегжейін түсіну тапсырылды.
Прокуратура қаржы министрлігіне қадағалау актісін енгізген басқа да бұзушылықтарды анықтады.