СҚО полицейлері жол талғамайтын көліктен заңсыз алкоголь мен темекіні тәркіледі

СҚО полицейлері жол талғамайтын көліктен заңсыз алкоголь мен темекіні тәркіледі, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның полиция бөлімінің қызметкерлері “Браконьер” жедел алдын алу іс-шарасы аясында жұмыс істеп, Көкалажар ауылының маңындағы Көкшетау – Рузаевка автожолының жанында тұрған Toyota Surf автокөлігіне назар аударды.

Жүргізуші, Көкшетау қаласының 42 жастағы тұрғыны қысқа демалыс үшін тоқтаған. Полиция артқы орындықта бөтелкелер жатқан қораптарды байқаған. Ер адам құрамында 190 литр алкоголь бар өнімдерді сыйымдылығы 0,5 және 5 литр контейнерлерде, сондай-ақ 500 қорап темекіні тасымалдаған, олардың барлығы акциздік маркаларсыз болған.

Тәркіленген заттар сараптамаға жіберіледі, ер адам этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы ҚР заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады.