СҚО тұрғыны полицейлерді қорлағаны үшін 50 сағаттық қоғамдық жұмыс қа тартылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты қылмыстық теріс қылық жасау Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының тұрғыны үшін 50 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға айналды.
П олиция қызметкерлері “К” азаматын қоғамдық орында алкогольдік ішімдіктер ішкені үшін тоқтатты . Медициналық куәландырудан өту үшін Петропавл қаласының уақытша бейімдеу және детоксикация бөлімшесіне келген азамат қызметкерлерге қорлайтын сөздермен сөйлеген. Бұл ретте құқық бұзушы олардың қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі қызметтік міндеттерін атқару кезінде екенін түсінді. Өзінің заңсыз әрекеттерін тоқтату туралы ескертулерге назар аудармай , азамат қорлауды жалғастырған.
Қызылжар ауданының пробация қызметі бөлімінде түсіндірілгендей, ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабының 1-бөлігі бойынша өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде билік өкілін қорлау ретінде сараланған қылмыстық теріс қылық жасаған.
– Сот үкімімен “К” азаматы 50 сағаттық қоғамдық жұмыстарға сотталып, Қызылжар ауданының пробация қызметі бөлімінің есебіне қойылды. Әкімдік маманы белгілеген жұмыс жоспарына сәйкес сотталған адам қоғамдық жұмыстар кезеңінде ауыл аумағын абаттандыру және қысқы уақытта қар жинау жұмыстарымен айналысатын болады, – деді об лыстық қылмыстық-атқару жүйесі д епартаментінде.
Мамандар соттал ған ның жеке басын, оның бейімділігін, қылмысқа ықпал етуі мүмкін тұрғын үй және отбасылық мәселелерді зерттеді. Есепте тұрған тұлғамен оны түзетуге, басқа да қылмыстарға жол бермеуге және қоғамдық жұмыстар түрінде жазасын өтеу тәртібін сақтауға бағытталған әңгіме жүргізілді.