Семейде Қазақстан құжаттарын заңсыз пайдаланған шетелдік анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Семейде 46 жастағы шетелдік Қазақстан азаматтығынан айырылғанына қарамастан, мемлекеттік баж салығын төлеу үшін Қазақстан құжаттарын заңсыз пайдаланған.
Оның Қазақстандық жеке куәлігі тәркіленді, ал құқық бұзушыға ӘҚБтК-нің 496-бабы бойынша 369 200 теңге айыппұл салынды.
Полиция Қазақстанда қос азаматтыққа тыйым салынғанын, ал азаматтар шетел азаматтығын алған жағдайда, бұл туралы 30 күн ішінде хабарлауы тиістігін ескертеді.