Семейде танысын сан соқтырған күдіктінің ісі әшкереленді

Семейде танысын 1 млн 200 мың теңгеге сан соқтырған күдіктінің ісі әшкереленді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Семей қаласының полицейлері алаяқтық схемасын ашты: 35 жастағы жергілікті тұрғын танысының сеніміне кіріп, ғимарат жалға алу сылтауымен одан 1 млн 200 мың теңге алдап алған. Тиімді мәміле уәде еткен ер адам ақшаны алғаннан кейін, жалдау мәселесі тек сөз жүзінде қалған.

Қыркүйек айындағы мәміле жәбірленуші өзінің алаяқ құрбаны болғанын түсінген кезде сотқа дейінгі тергеудің басталуына түрткі болды. Енді ер адам өз ісі үшін заң алдында жауап беруге тиіс. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.