Семейде сотталғанның әйелі колонияға 9 телефон өткізбек болды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Семейде №19 мекемеде тексеру тобының қызметкерлері тыйым салынған заттарды жеткізудің әрекетін болдырмады. Ұзақ мерзімді кездесуге келген 46 жастағы Семей тұрғынының жұбайына алып келген азық-түлікті тексеру барысында көлемі бес литр бал шелегінен тоғыз телефон, оның ішінде бір IPhone, жеті құлаққап, тоғыз сим-карта және көлемі үш литрлік төрт банкадан алкогольдің ерекше иісі бар шие шырыны анықталды. Алынған заттар сараптамаға жіберіліп, оның нәтижелері банкаларда 12 литр алкоголь бар екенін көрсетті.
– Сот семейлік тұрғынды әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тауып, оған ескерту түрінде әкімшілік жаза тағайындады, – деп түсіндірді режим бөлімінің бастығы Бауыржан Рамазанов.