Астанада полицейлер пәтер алып беруге уәде беріп, тұрғынды алдап кеткен күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Полицияға елорданың 61 жастағы тұрғыны жүгініп, пәтер алуға көмек көрсетуге уәде берген әйелге қатысты шара қабылдау туралы өтініш білдірген.
Алаяқ бағдарлама арқылы тұрғын үй-жайды сатып алуда көмек көрсетемін деген сылтаумен 4 млн теңге көлемінде ақша қаражатын иемденгені анықталды.
Байқоңыр ауданы ПБ полиция қызметкерлері 42 жастағы әйелді анықтады. Ол мойындау көрсетпелерін берді. Оның айтуынша қолма-қол ақшаны жылжымайтын мүлікті сатып алу қызметін көрсететін басқа адамға берген.
Aлаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды және бейтаныс адамдарға ақша бермеуді ескертеді.