Прокуратура жүргізген тексерудің нәтижелері бойынша Қарағанды облысында кент әкімі аппаратының бухгалтері сотталды

Осакаров ауданының прокуратурасы Молодежный кенті әкімі аппаратының бұрынғы бухгалтері 2022-2023 жылдар аралығында өзіне жалпы сомасы 5 миллион теңгеден астам жалақыны негізсіз есептегенін анықтады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Қарағанды облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Алаяқтық фактісі бойынша прокуратура қылмыстық іс тіркеді.

Осакаров аудандық сотының үкімімен Молодежный кенті әкімі аппаратының бұрынғы бухгалтері кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына сотталды.

Мемлекетке келтірілген шығын толығымен өтелді.