Полиция жылдамдықты асырып, алимент төлеуден жалтарып жүрген жүргізушілерді ұстады

Түркістан облысында полиция жылдамдықты асырып, алимент төлеуден жалтарып жүрген жүргізушілерді ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан облысы Ордабасы ауданының патрульдік полиция қызметкерлері «Қорғау» жүйесінің көмегімен 300 мың теңгеге жуық айыппұлын төлемеген BMW автокөлігінің жүргізушісін анықтады.

Тексеру барысында жүргізушінің айыппұлының басым көпшілігі жылдамдықты асыру мен алиментті төлемей жүргені белгілі болды.

Одан соң тәртіп сақшылары Toyota автокөлігін тоқтатты. Полиция планшеті арқылы жүргізушінің жол ережесін бұзғаны бойынша 600 мың теңгеге жуық айыппұлдарды төлемегенін анықтады. Қос автокөлік айыптұраққа қойылды.