Полиция көліктен ұрлық жасаған астаналық әйелді ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Астана қаласы ПД Сарыарқа ауданы ПБ полиция қызметкерлері бұрын сотталған 38 жастағы әйелді анықтады, ол көліктен ұрлық жасаған.
Астаналық азамат көлігін үйдің ауласына қойып, есігін құлыпқа жабуға ұмытып кеткені анықталды. Бұл жағдай қаскүнемге салонға оңай кіріп, бейнетіркегіші бар автомагнитоланы ұрлап әкетуге мүмкіндік берген.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әйелдің елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.
Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға сақ болуды, көліктің есігін ашық қалдырмауды ескертеді.