Перизат Қайратқа қандай жаза сұралды?

Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты іс бойынша өткен сот отырысында прокурор Арман Казекен мемлекеттік айыптаушы ретінде айыпталушыларға қандай жаза сұралатынын жариялады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Тараптардың жарыссөзі барысында прокурор Перизат Қайратты 10 жылға бас бостандығынан айыруды, сондай-ақ мүлкін тәркілеуді сұрады. Ал анасы Ғайни Алашбаеваға орташа қауіпсіздік мекемесінде 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Еске салайық, кеше Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы жабық режимде өтті. Себебі іс құпия деректерді, соның ішінде банк құпиясын қамтитын құжаттарды қарастырумен байланысты болды.