Павлодар облысы Ақсу қаласының полициясы мас күйінде көлік жүргізу фактілерінің жолын кесу бойынша қызу жұмыс жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Мысалы Евгеньевка ауылында тиісті құқық белгілейтін құжаттарсыз тіркелмеген мотоциклмен жүрген жүргізуші тоқтатылды.
– Көлік құралын басқаруға құқығы жоқ адам басқарғаны үшін және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері жоқ көлік құралын басқарғаны үшін жүргізуші әкімшілік жауапкешілікке тартылды, 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – дейді Ақсу қаласының жергілікті полиция қызметінің бастығы Айдын Жүнісов.
Айта кетейік, жыл басынан бері осындай бұзушылықтар үшін осы өңірде 666 жүргізуші жазаланды.