Павлодар облысының киберполицейі алаяқтықтың жаңа түрлері туралы ескертті

Павлодар облысының киберполицейі алаяқтықтың жаңа түрлері – ф ишинг, крипта және жасанды интеллект туралы түсіндірді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жыл сайын алаяқтар интернеттегі алдау мен шабуылдардың жаңа әдістерін дамыта отырып, барған сайын тапқырлығы мен айлакерлігін арттырып келеді. Polisia.kz сайтының  журналисі Павлодар облысы ПД криминалдық полиция басқармасы киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің бастығы Ризабек Жанатпен кездесіп алаяқтықтың жаңа түрлері туралы сұхбаттасты.

– Қазіргі уақытта азаматтарға қатысты алаяқтықтың қандай түрлері ең танымал?

– Фишинг интернеттегі алаяқтықтың кең таралған түрлерінің бірі болып қала береді. Фишингтің жаңа тенденциялары әлеуметтік медиа ақпаратын қолдана отырып, мақсаттарды дәлірек таңдауды, шабуылдарды жекелендіруді және жетілдірілген дизайны мен қолданушы интерфейсі бар жалған веб-сайттарды құруды қамтиды. Мысалы, пайдаланушыларды құпия сөзді өзгертуге немесе қауіпсіздік мәселесіне сілтеме жасай отырып, жеке деректерді беруге шақыратын электрондық хаттарды айтуға болады. Пайдаланушыны күдікті сілтемеге өтуге немесе зиянды қосымшаны жүктеуге шақыратын жалған профильдердің әлеуметтік медиа хабарламалары да қауіпті. Егер өзіңіз күтпеген болсаңыз, электрондық пошта тіркемелерін ашқан кезде өте сақ болыңыз. Күдікті сілтемелерге өтпеңіз және күдіктінің жеке деректер сұрауларына жауап бермеңіз. Зиянды бағдарламалардан қорғауды қамтамасыз ету үшін антивирустық бағдарламалық жасақтаманы өз құрылғыларыңызда үнемі жаңартып отыруға кеңес беремін. Бұл сіздің құрылғыңызға вирустарды немесе басқа зиянды бағдарламаларды жұқтырудың алдын алады. Сондай-ақ деректердің сақтық көшірмесін  үнемі  сенімді сыртқы құрылғыларда немесе бұлтта сақтау маңызды. Егер шабуыл немесе қауіпсіздік оқиғасы болса, сақтық көшірмелер жоғалған деректерді қалпына келтіруге көмектеседі.