Павлодарда көлікті мас күйде тізгіндеген жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Павлодар облысында жыл басынан бері мас күйінде автокөлікті жүргізген 787 жүргізуші ұсталды. Мас жүргізушілердің кінәсінен өңірде 6 ЖКО тіркелді, соның салдарынан 9 адам зардап шекті. Үнемі жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстарына қарамастан, кейбір жүргізушілер түзетуді ескермейді.
– Мысалы, Павлодардағы Абай көшесінде, түнгі уақытта полиция қызметкерлері Lexus LX570 автокөлігінің жүргізушісін тоқтатты. Әңгіме барысында одан алкогольдің өткір иісі шықты. Медициналық куәландыру жүргізушінің орташа мас күйінде екенін көрсетті. Көлік құралын мас күйінде жүргізгені үшін жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қозғалды. Автокөлік коммуналдық тұраққа орналастырылды. Сот мас жүргізушіні 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырып, 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алды, – деді Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының командирі Айдар Сламбеков.
Ішімдік ішуді ұнататындардың арасында полицейлер ұстаған басқа жүргізушілер де болды. Барлық құқық бұзушылар жауапқа тартылды. Полиция департаменті жүргізушілерге мас күйінде көлік жүргізу қаупін еске салады.