Орал полициясы тұрғыннан есірткі салынған 111 zip-пакет тәркіледі

Орал полициясы тұрғыннан есірткі салынған 111 zip-пакет тәркіледі, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

“Қарасора” жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде БҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Зашаған полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірге Орал қаласының 32 жастағы тұрғынын ұстады. Оның Lada Priora автокөлігін тінту барысында  зип-пакетке оралған ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік тектес зат салынған 19 қорап, 750 000 теңге сомасындағы ақша, Stalker пневматикалық тапаншасы, сондай-ақ орындықтардың арасынан жасыл түсті заты бар бір зип-пакет және жиналмалы пышақ табылып, тәркіленді.

Сонымен қатар оның гаражын тінту барысында ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік тектес зат салынған қорап, жасыл түсті сұйықтық құйылған 5 литрлік пластикалық бөтелке, жасыл түсті өсімдіктері бар екі ыдыс, есірткі зертханасына арналған құрылғылар, электронды таразы, ТОЗ БМ мылтық, 90 зипке оралған өсімдік тектес зат салынған қорап және өсімдік тектес заты бар полимерлі 1 зип-пакет және пластикалық гранатаның муляжы табылды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. ‎