Орал қаласында көпірден секірмек болған келіншек құтқарылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 14 наурыз күні сағат 01.25-те болды.
Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері, полиция аға лейтенанты Дамир Қазиханов пен полиция лейтенанты Мирас Каримоллин патрульдеу кезінде көпір қоршауының қасында қыздың секіруге тырысып жатқанын байқап қалған.
«Қызметкерлер қайғылы жағдайдың алдын алу үшін дереу шаралар қабылдайды. Нәтижесінде тәртіп сақшылары қызды құтқарды. Анықтау барысында келіншектің бір күн бұрын жұбайымен ұрысқаны белгілі болды. Кейін туыстарына жеткізілген оның жағдайы жақсы», деп хабарлады ведомстводан.