Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты

Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

– Орны толмас ауыр қайғыға ортақтаса отырып, Сізге, қаза тапқан азаматтардың туған-туыстарына және барша Әзербайжан халқына көңіл айтамын. Менің тапсырмаммен Қазақстан Үкіметі мемлекеттік комиссия құрды. Комиссия құтқару операциясы аясында тиісті шаралар қабылдап, Әзербайжан тарапына қажетті көмек көрсетеді, – делінген жеделхатта.