Көліктен полицей мен тұрғын өлі табылды: алдын ала себеп жарияланды

Ақмола облысының полициясы Есіл қаласында көліктен табылған екі ер адамның өлімінің алдын ала себебін атады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

“Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары бұған дейін олар түнде көлік жууға кіріп, ұйықтап кеткенін анықтады. Ешқандай зорлық-зомбылық ізі табылмады. Сараптама тағайындалды. Өлімнің алдын ала себебі – көмірқышқыл газынан улану”, – деп хабарлады Ақмола облыстық ПД.

Еске салайық, бұған дейін Есіл қаласында (Ақмола облысы) көлік жуу орнында Audi A6 көлігінен 28 және 29 жастағы екі ер адамның мәйіті табылғаны хабарланған болатын. Олардың бірі полиция қызметкері екені айтылды.