Көкшетау полицейлері есірткі қойып кетушіден 185 бума “синтетика” тәркіледі, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Қарасора – 2024” жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде синтетикалық есірткі жасырын салушының қызметін тоқтатты. Жеке тінту кезінде жедел қызметкерлер синтетикалық препарат болып табылатын a-PvP психотроптық заты бар 185 полиэтилен пакетін тауып, тәркіледі.
Жүргізілген сараптама тыйым салынған заттың салмағы 207 грамм екенін көрсетті, бұл өте үлкен мөлшерге жатады. Сондай-ақ 28 жастағы есірткіні жасырын қойып кетушіден Көкшетауға Петропавл қаласынан есірткілерді тарату үшін арнайы келгені белгілі.
Есірткі заттарымен заңсыз жұмыс жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның барысында қатысушы ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды.