Ақмола облысында зейнеткерлердің сеніміне кіріп, 9 млн теңгесін алдап алған алаяқ қолға түсті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Көкшетау қаласының полиция басқармасына облыс орталығында тұратын қарт ерлі-зайыптылар жүгінді. Зейнеткерлер 9 млн теңгеден астам ақша қаражатын тартып алған әйелдің құрбаны болғанын хабарлады.
Алаяқ 2022-2024 жылдар аралығында әр түрлі сылтаулармен ерлі-зайыптылардан өз қажеттіліктеріне ақша алып келген.
Күдікті ретінде бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған 32 жастағы жұмыс істемейтін жергілікті тұрғын анықталды.
Қаскүнемге қатысты ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Баптың санкциясы 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары жазаны көздейді.