Жетісу облысында ЖКО саны 42,7% төмендеді

Жетісу облысында өткен жылдың осыған сәйкес кезеңімен салыстырғанда жол-көлік оқиғаларының саны 42,7% төмендеді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жүргізілген талдауға сәйкес, жол апаттарының деңгейі 89-дан 51 фактіге дейін, зардап шеккендер саны – 134-тен 92 адамға дейін төмендеген. ЖКО салдарынан көз жұмған адамдар санының айтарлықтай төмендеуі байқалады – 56,5%-ға, 23-тен 10 адамға дейін.

Жол апаттардың негізгі себебі – жылдамдық режимін сақтамауда. Аталған себеппен осы кезеңдегі ЖКО 18-ден 7-ге дейін төмендеген.

– Жол-көлік оқиғаларының себептері көбінесе жол белгілерінің талаптарын елемеу. Адамның өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғаларының ең жоғары деңгейі Алакөл, Көксу және Панфилов аудандарының аумағында байқалады. Апатты-қауіпті күндер дүйсенбі, сенбі және жексенбі, сағат 19:00-ден 01:00-ге дейінгі аралықта өкінішке орай жол-көлік оқиғаларының ең көп саны орын алады, – деп атап өтті ПД ЖПҚБ бастығы Қайсар Мұхметов.

Жолдағы жағдайды тұрақтандыру, апаттылықты азайту үшін қосымша шаралар қабылдануда. Өңірдегі бұқаралық ақпарат құралдары мен барлық әлеуметтік желілер арқылы, бұдан басқа тақырыптық буклеттер мен кітапшалар таратудың бұрыннан келе жатқан дәлелін тапқан тәсіл, сондай-ақ жүргізушілермен тікелей ашық әңгімелесу арқылы халықпен профилактикалық жұмыс айтарлықтай жандандырылды. Сондай-ақ патрульдік қызметте тұрған заманауи технологиялар маңызды рөл атқарады. Мысалы “Ekin Patrol” жүйесімен жабдықталған үш арнайы автокөлік жергілікті орны мен автожолдарға байланысты белгіленген қозғалыс жылдамдығынан асып кету бөлігінде жол қозғалыс ережелерінің бұзушылықтарын тіркейді.

– Өңірдің автожолдарында патрульдейтін және аса қауіпті апаттық учаскелерді назардан тыс қалдырмайтын полиция жасақтары едәуір күшейтілді. Тас жолдағы жыпылықтайтын шамдармен жүретін арнайы машинаның бары жүргізушілерді едәуір тәртіпке әкеліп, сол арқылы жол-көлік оқиғалары болуы мүмкін ҚР жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алады, – деп толықтырды Қ. Мұхметов.