Жетісуда 150-ден астам ұрланған мал иелеріне қайтарылды

Жетісуда 150-ден астам ұрланған мал иелеріне қайтарылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Мал ұрлығы ауылдық округ тұрғындары мен мал иелері үшін басты мәселелердің бірі. Бүгінгі таңда Жетісуда мал ұрлығының 85 фактісі тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37%-ға төмен.

Мүлікке қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрестің маңызды бағыттарының бірі мал ұрлығының алдын алу, жолын кесу және ашу. Полицияның атқарған жұмыстарының арқасында Жетісуда тіркелген мал ұрлығының саны 135-тен 85-ке дейін төмендеді және оның ашылуы 67,4% құрады. Жыл басынан бері барлығы 153 бас мал табылып, иелеріне қайтарылды.

Ескертулерге қарамастан, азаматтар өз малдарының қауіпсіздігіне немқұрайлы қарайды. Көбінесе ұрлық қорғалмаған және техникалық жағынан қамтамасыз етілмеген малды ұстау орындарынан, сондай-ақ бақылаусыз мал жаю кезінде жасалады. Мал ұрлығының ашылуына кедергі жасайтын факторлардың бір ол – мал жоғалғаннан кейін көпшілігі жануарларды өз күшімен іздеуге тырысады. Таба алмай, уақытты іздеуге жұмсаған мал иелері кейін полицияға жүгінеді.