Өткен демалыс күндері мегаполистің ювеналды полицейлері кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу және балалардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде жүруіне жол бермеу мақсатында рейд өткізді , – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Түнгі патрульдеу кезінде тәртіп сақшылары беймезгіл уақытта көшеде жүрген 140 баланы анықтады. Олардың ата-аналары ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігіне (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы ) сәйкес жауапқа тартылды. Сондай-ақ ойын-сауық мекемелерінде болған кәмелетке толмаған 5 бала анықталып, заңды өкілдеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 1-бөлігімен (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы ) хаттамалар толтырылды. Ал мұндай заң бұзушылыққа жол берген кәсіпкерлерге әкімшілік кодекстің 132-бабына (Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру ) сәйкес айыппұл салынды.
Полицейлер кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алуға бағытталған рейдтер тұрақты түрде жүргізіліп жатқанын еске салады.