Жасөспірімдер шұғыл түрде Балаларға жедел медициналық көмек көрсету орталығына жеткізілді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
“31 шілдеде санитарлық авиация бортында Қызылорда облысында қатты күйіктен зардап шеккен екі бала 75 пайызға жуық күйікпен өте ауыр жағдайда Алматы Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына жеткізілді”, – деп жазды Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова әлеуметтік желіде.
Оның айтуынша, науқастардың жағдайы ауыр, барлық қажетті емдеу шаралары жүргізіліп, динамикалық бақылау жүргізіліп жатыр.
Еске салайық, Қызылордада газ-ауа қоспасының жарылуы салдарынан төрт кәмелетке толмаған бала зардап шекті. Олар қатты күйік алды. Оқиға 28 шілдеде кешке болған.