Жамбыл облысында полицейлер ер адамнан 32 келіден астам марихуана тәркіледі, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
“Қарасора – 2025” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шара жүргізді. Түнгі уақытта Шу ауданы Тасөткел ауылының маңында күдікті қолға түсті. Жеке тінту және аумақты қарау барысында полицейлер ерекше иісі бар екі үйінді жаңа шабылған өсімдік жинағын анықтады. Сот-химиялық сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат — кептірілмеген марихуана болып шықты. Оның жалпы салмағы 32 келіден асады.