Жамбыл облысында комаға түскен сарбазға зорлық-зомбылық жасалғаны расталды

Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысында комаға түскен 19 жастағы сарбазға жасалған зорлық-зомбылық фактісін растады. Қазіргі таңда сарбаздың жағдайы тұрақты және ауыр деп бағаланып отыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

«Сарбаз Алматы қаласындағы әскери-клиникалық госпитальда жатыр. Оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетілген. Әскери дәрігерлер мен басқа да мамандар оны тексеріп, барлық қажетті шараларды жүргізіп жатыр. Аталған факті бойынша қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланған сержантқа қатысты тергеу басталды. Бүгінде әскери-тергеу органдары әскери қызметшіге қатысты жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр», – деді ведомство өкілі Руслан Жанғұлин.

Айта кетейік, бұған дейін Клиникалық өлім: Жамбыл облысында сарбаз жансақтау бөліміне түскенін, Отарда комаға түскен сарбаз есін жиғанын хабарлаған болатынбыз.