Есірткі заттарының ірі партиясын сақтаған машинист ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Кө ліктегі полиция департаментінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Шу станциясының локомотив депосының машинисін ұстады. Ол үйінде қаптар мен қораптарға бөліп, оралған есірткі заттарын сақтаған.
Тінту кезінде жалпы салмағы 12 кг 428 гр болатын марихуана есірткі заты тәркіленді.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері көлік полицейлері есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысты 344 құқық бұзушылықты анықтаған, оның ішінде 32 өткізу фактісі, 20 аса ірі мөлшерде сақтау фактісі, 9 контрабанда фактісі және т.б.
Заңсыз айналымнан 205 келіден астам түрлі есірткі құралдары тәркіленді.