Ақтөбе қаласында полицейлер бағдаршамның тыйым салу сигналына өтіп, төтенше жағдай туғызған мопед жүргізушісін ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ол жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіре отырып, қаланың жаяу жүргіншілер жолымен және көшелерімен жоғары жылдамдықпен жүрген.
Полиция қызметкерлері қудалау арқылы мопед жүргізушісін ұстады. Ол Ақтөбе қаласының 37 жастағы тұрғыны екені анықталды.
Жүргізілген сараптама көрсеткендей, ұсталған адам есірткіге масаң күйде болған. Сонымен қатар ол бұрын осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін көлік құралын басқару құқығынан айырылған.
Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұсталған адам жүргізуші куәлігінен өмір бойына айырылып, 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.