Елорда тұрғыны ұрланған бұйымды сүйіктісіне сыйлаған

Елорда тұрғыны бұрынғы қызынан ұрлап алған бағалы білезікті жаңа сүйіктісіне сыйға тартқан , – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Алматы ауданы ПБ қызметкерлері 23 жастағы елорда тұрғынын анықтады. Ол бұрынғы қызының сенімін пайдаланып, үйіне қонған кезде бағасы 200 мың теңге тұратын Pandora білезігін ұрлаған.

Оқиға былай болған. Жәбірленуші тұрғын жігітінің қазіргі қызының әлеуметтік желіге жариялаған фотосынан таныс бұйымды көрген. Яғни арызданушы қымбат білезігінің жоғалғанын бір аптадан кейін ғана байқаған.  Ол өзінің білезігі ұрланғанын нақты білген соң, дереу полицияға арызданды.

Қазкүнем жасаған қылмысын мойындады. Полицейлер білезікті тәркілеп, иесіне қайтарды.