Елорда полицейлері ұрлық жасаған күдіктіні анықтады

Елорда полицейлері ұрлық жасаған жасөспірімді анықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Коммуналдық тұрақ күзетшісі аумақты айналып өтіп бара жатып, күдікті дыбыстарды естіп, ағаштар арасында жасырынған белгісіз адамды байқаған. Содан кейін ол дереу полицияға хабарлаған.  Елордалық полицейлер оқиға орнына жедел келіп, мекемеге кіріп, мопедтің екі аккумуляторын, орындығы мен шлемін ұрлап кеткен кәмелетке толмағанды анықтады.

Полиция ұрланған заттарды тәркіледі.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тексеру жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ жасөспірімнің ата-анасына қатысты кәмелетке толмаған баласын дұрыс бақыламағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.

Астана қаласының полиция департаменті мұндай жағдайлардың алдын алу мақсатында автотұрақтарда күзет жүйесін күшейтуді, қосымша бейнебақылау камераларын орнатуды және аумақты сапалы жарықтандыруды қамтамасыз етуді ұсынады.